«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кәсіптік бағдар беру бойынша мектебімізге Ақмола облысы білім басқармасына қарасты Чаглинка ауылынан, Жоғары агротехникалық колледжінің өкілдері келді. Колледждің негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім берудің, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырумен қатар әртүрлі жұмыс бағыттары бойынша білікті мамандарды даярлау.
Ауғанстан Республикасында көрсеткен жауынгерлік ерлігі мен атқарған интернационалдық борышын еске алу құрметіне 2-4 сынып оқушылары арасында спорттық турнир өткізілді. Балалар төзімділік, дене шымырлығын және ұжымшылдықтарын көрсетті.
Кәсіптік бағдар беру мақсатында мектебімізге Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің өкілдері келіп, білім алушыларды оқуға түсу шарттарымен және оқу тәртібімен таныстырды. Олар колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат берді.
Шаңғымен сырғанау сабақтары мектеп оқушыларының қимыл-қозғалыс тәсілдеріне дағдыландыруға, төзімділікті дамытуға, табандылық пен алғырлыққа тәрбиелеуге, денені шынықтыруға бағытталған. Ал Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы В.В.Кувшиновтың жеке үлгісі балаларды салауатты өмір салтына ұмтылуға итермелейді.
«Адал Ұрпақ» мектеп клубының жұмысы аясында 7-9 сынып оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін» атты сурет байқауы өтті. Мақсаты: сыбайлас жемқорлық фактілеріне қарсы көзқарасқа бағытталған қоғамдық пікірді қалыптастыру және адал, заңға бағынатын өмір салтын насихаттау.