«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім алушыларда дұрыс тамақтану, тамақтанудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында бастауыш және орта буын оқушыларымен"Тиімді және дұрыс тамақтану негіздері"тақырыбында әңгіме өткізілді.
Оқушыларды ғарышкерліктің даму тарихымен таныстыру, балалардың ғарыш кеңістігін ашушылар туралы түсінігін кеңейту, 1-11 сыныптарда ғылым мен техниканың жетістіктеріне қызығушылықты дамыту мақсатында "Космонавтика күні"тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
2024 жылдың 12 сәуірінде сағат 12.00 - де 9 айлық жоба аясында мектепте 9 іс-шара аясында республикалық челлендж-шахмат ойыны өткізілді. Турнир педагогтар мен оқушыларды біріктірді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын арттырады және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, ақыл-ой белсенділігін, логикалық ойлауды, есте сақтауды, төзімділікті, байқау мен зейінді белсендіреді.
Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7-сәуірде атап өтіледі және денсаулығына қамқорлық жасайтын әрбір адам үшін маңызды. Денсаулық күні қарсаңында 4-сынып оқушылары аға тәлімгермен бірге "Біздің денсаулығымыз өз қолымызда"атты түрлі-түстермен боялған қабырға газетін шығарды
Жаратылыстану-математика ғылымдары саласындағы білімдерін кеңейту мақсатында 2024 жылғы 8-19 сәуір аралығында "Нижнеборлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ жаратылыстану-математика ғылымдарының онкүндігі өтуде. 8 сәуірде ЖМО ғылымдар онкүндігінің салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Оқушылар үшін логика бойынша "Бір күннің міндеті" байқауына материал дайындалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан туындаған күрделі жағдайға байланысты үндеуі https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-su-taskyny-saldarynan-kalyptaskan-auyr-zhagdayga-baylanysty-undeui-634514